Ақтөбеде 100 шәкірт емтихан тапсырды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 100 шәкірт емтихан тапсырды.
Облыстық орталық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалқызы Сауат ашу курсындағы «Әліппе» тобы мен Жалғастырушы топта оқитын шәкірттерінен қорытынды бақылау емтиханын қабылдады.
Әліппе тобынан 60 шәкірт тапсырып, қортынды нәтижесі бойынша «Тәжуид ережесі» тобына өтті. Ал Жалғастырушы топ «Фил» сүресінен «Нас» сүресіне дейін тәжуид ережесіне сай оқып тапсырып, тәжуид қағидаларын талдады.
Ұстаздың айтуынша, шәкірттердің Қасиетті Құранды үйренуге деген ынта-ықыластары өте жоғары. Алла зейіндерін ашып, ілімдерін арттырсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі