Ақтөбе қаласы молдаларына арнайы семинар өткізілді
Ақтөбе облысы бас имамының тапсырмасымен, ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында халық арасында діни рәсімдерді атқарып жүрген молдаларға ҚМДБ шығарған «Дін мен дәстүр» кітабынан уағыз-насихат жүргізіліп, садақа мен жаназада діни рәсім атқару барысында ысырапшылықтың алдын алу жұмыстарын тапсырды. Бас имам Серікжан Еншібайұлы сондай-ақ шариғат бойынша жерлеу рәсімін бірізділікке келтіру бойынша және «Уақып қорының» маңыздылығы туралы халыққа насихаттауға шақырды.