Әйелдерге «Қазақы тәрбие – нағыз мұсылмандық тәрбие» атты семинар өтті
Мәртөк аудандық мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» аясында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жетекшісі Кушкарова Кенжегул ұстаз, дәрігер Максимова Баялыш және медбике Жакашова Алма сынды мамандардың қатысуымен «Қазақы тәрбие – нағыз мұсылмандық тәрбие» тақырыбында семинар- трениниг өтті. Семинардың мақсаты бала тәрбиесі, бала руханияты және бала денсаулығын жақсарту, дамыту. Семинарға барысында 25 әйел-қыздар жамағаты қатысып , түрлі діни және логикалық ойындар өтті. Сондай-ақ «Әже насихаты» атты көрініс қойылып , қатысушыларға сыйлықтар берілді. Семинар соңында қатысушыларға дастархан жайылып, келген мамандарға Мәртөк аудандық мешітінің әйел ұстазы Әлібекқызы Гүлсара гүл шоқтарын беріп, қажы әже өз батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі