Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) «тұтқынға» алған балалар 342

Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) «тұтқынға» алған балалар

31 қазан 2020 439 Оқу 0 минут

Махмұд ибн Рәби өз өмірінен мына бір оқиғаны айтқан:
«Бірде мен достарыммен Мәдина көшелерінің бірінде ойнап жүрдім.

Бір кезде бізге қарай келе жатқан Алла елшісін (с.ғ.с.) көрдік. Оны бірден қоршауға алдық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге өте мейірімді көздерімен қарап тұрды. Оның мейірімінен батылданған біз:

Сізді тұтқынға алдық. Енді Сіз – біздің тұтқынымызсыз! – дедік

Сол сәтте Алла елшісі (с.ғ.с.) көңілдене түсіп ойынымызға қосыла кетті. Содан соң дірілдеген дауыспен:

Енді қайттім? Сендердің тұтқындарың екенмін ғой...Менімен не істемексіңдер? – деді.

Бір шартымыз бар. Соны орындасаңыз, босатамыз.

Айтыңдар, орындайын...

Бізге төлем берсеңіз ғана босай аласыз

Бірақ менде өзіммен ештеңе де жоқ!

Барыңызды беріңіз, оған да келісеміз!

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) үйіне Біләлді құрма алып келуге жіберді. Біз Алла елшісін (с.ғ.с.) қажетімізді алған соң ғана босаттық...


Ұқсас жазбалар

Ғұлама мен қойшы

Ғұлама мен қойшы

30 қыркүйек 2020 506
ҰМЫТЫЛМАС ДӘРІС

ҰМЫТЫЛМАС ДӘРІС

28 қазан 2020 282
Жаман әйел

Жаман әйел

22 ақпан 2021 3654