Ораза ұстаушы қыз балаларға арналған ауызашар өтті
Ақтөбе қаласы, "Бақытжан" мешіті әйел жамағаты ораза ұстаушы қыз балаларға дастархан жайды.
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау балиғатқа толған ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға парыз. Десек те ата-анасына еліктеп, ораза ұстаймын деген балаларға да жастайынан Алланы таныту, құлшылыққа баулуға еш тыйым жоқ. Сол себепті де еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы болар балаларға Рамазан айының руханиятын сезініп, тәтті естеліктер сыйлау үшін аналар қауымы балаларға мереке жасады.
Бұл рухани кеште балаларға арналған ойындар мен сыйлықтар мол болды.
Балаларға көңіл бөлініп, ақ жаулықты әжелер ақ баталарын беріп, өмірлеріне береке тіледі.