Ойыл: Жаттықтырушыларды жалған діни ағымдардан сақтануға шақырды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен жылдық жоспары аясында биылғы жылдың төрт бағытының бірі жат ағымнан сақтандыру бойынша Ойыл ауданының бас имамы Қызыр Бақжарық аудандық жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушыларымен кездесті.
Кездесу барысында ауданның бас имамы “Псевдасалафизм ағымдардың алдын алу" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Жас спортшыларға қәзірден дұрыс тәрбиеге баулуымыз керек. Діни ағымдардан сақтандыру, мұсылмандардың бөліну мен алауыздық жол бермеу біздің міндетіміз. Ислам дінінің бейбітшілік пен бірлікке шақырған тура жолмен жүруге ықпал болады деген сенімдеміз» деді Қызыр Бақжарық.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі