Әйел жамағатына арналған семинар өтті
Бүгін әйел жамағатының сауатын жетілдіру мақсатында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов пен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында «Адалдан болсын асыңыз» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды «Халал Даму» мекемесінің Бас сарапшы, технолог Айжан Омарова жүргізіп, адал асты тұтыну – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе екенін тоқталды.
Сондай-ақ адал ас ішудің исламдағы, жалпы адам саулығына пайдасы хақында айтып өтті.
Одан өзге технолог маман Айжан Омарова күнделікті өмірімізде кездесетін тұтыну заттары мен азық-түлікте кездесетін тағамдық қоспалар мен күмәнді әрі харам заттардың ара жігін ажыратып көрсетті.
Шара соңында қыз-келіншектердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі