БЕЛАРУСЬ МҮФТИІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Беларусь мұсылмандары діни бірлестігінің төрағасы Әбу-Бекір Шабанұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
«Беларусь Республикасы мұсылмандары діни бірлестігі атынан және жеке өз атымнан Сізді және Қазақстанның барша мұсылмандарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Мерекенің осынау шуақты күндерінде Мейірімді Алладан дендеріңізге саулық, амандық, игі істеріңіз бен ниеттеріңізге береке тілейміз. Алла Тағала баршамызға мейірімі мен кешірімін нәсіп етіп, нығметімізді арттыра берсін. Әр шаңыраққа, әр отбасыға амандық, береке-бірлік тілеймін. Алла Тағаланың рақымы мен шексіз нығметтері болсын!», - делінген құттықтауда.