Аудан бас имамы ауылдық мешіттерді аралады
Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы жұмыс сапарымен Ақжар және Бөгетсай ауылдық мешіттерін аралады.
Тексеріс барысында мешіттердің тазалылығы, мешіттердің жылу жүйесінің жұмысы, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау, мешіт ережелерінің мемлекеттік және орыс тілінде ілінуі және сауат ашу курстарының жұмысы қаралды. Мешіттердегі әдибиеттердің тізбегі сараланды. Тексеріс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.