Облыстың Бас имамы су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыны жаңа қонысымен құттықтады 3720

Облыстың Бас имамы су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыны жаңа қонысымен құттықтады

22 қыркүйек 2024 361 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ойыл ауданына арнайы барған жұмыс сапары аясында көктем айында су тасқынында зардап шеккен екі отбасының жаңа қонысымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

«Мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау. Биылғы көктем еліміз үшін оңай болмады. Үйсіз қалған әрбір қазақтың қайғысы – бәрімізге ортақ. «Қазаны бірдің қайғысы бір» деген дана халқымыз. Бір елдің суын ішіп, отына жылынып отырған біздер, сіздермен әрқашан біргеміз.

Құран Кәрімнің «Шарх» сүресінде «Шын мәнінде қиындықпен бірге жеңілдік бар» деген. Ендеше, Алла Тағала қиындық соңынан жеңілдік беріп, қайғы соңын қуанышқа ұластырып отыр. Бүгін міне, сіздерді құттықтап, қуанышқа ортақтасып келіп жатқан жайымыз бар. Қоныстарыңыз құтты, іші толған береке болсын!»,- деді Амантай Әбділдаұлы.

Одан өзге үй иелеріне сыйлық ретінде жайнамаз, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының «Төртеу түгел болса» кітабы берілді.

  Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі