Құрбан айт – 2022: Облыстық мешітте дайындық жұмыстары жүргізілді 1877

Құрбан айт – 2022: Облыстық мешітте дайындық жұмыстары жүргізілді

07 шілде 2022 153 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құрбан айтқа орай мешіт қызметкерлеріне жиналыс өтті. 

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ұжымға биылғы Құрбан айт мейрамының өту форматын кеңінен түсіндірді.

Діни басқарманың шешімімен құрбандық шалу рәсімдерінің онлайн және офлайн өткізілуіне байланысты жергілікті қасапханалар және мал соятын орындармен келіссөздер жүргізіліп, жергілікті әкімшіліктер тарапынан қолдау болатынын айтты.

Жиын барысында Бас имам жауапкершілігі мол үлкен іс-шараға еріктілер мен мешіт жамағатын жұмылдырып, аталмыш қасиетті күндерде барынша ыждағатпен қызмет атқаруға шақырды.

Айта кетсек, кеше Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе қаласында құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексеріп, санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалады.


Ақтөбе облыстық орталық

  «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі