Облыстың Бас имамы Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейіне барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ойыл ауданындағы арнайы жұмыс сапары аясында «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихи музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Облыстың Бас имамы эксурсия негізінде Ойылдың тарихымен, одан шыққан танымал тұлғалармен және олардың қолданған заттарымен танысты.
«Тарихтың тағылымды тұстарын жаңғыртатын жәдігерлердің мекені – Ойыл ауданы. Тарихи жәдігерлерді қорғау – ұлттық мүдддені қорғау мақсатында қызмет еткен әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!»- деді Амантай Әбілдаұлы.
Айта кетсек, Ақтөбе облысы әкімінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 254 қаулысымен «Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі» мемлекеттік мекемесі болып құрылған.
2006 жылы 29 қыркүйектегі №944 қаулысымен Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет ұйымдарын атау мен қайта атау туралы тізбесімен Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейіне қоғам қайраткері Шығанақ Берсиевтің есімі берілген.
Ақтөбе облысы әкімінің 2013 жылдың 28 желтоқсан күнгі № 423 қаулысына сәйкес «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Музейдің негізгі мақсаты: тарихи құндылықтарды, мәдениет ескерткіштерін сақтау және жұртшылыққа таныту жұмыстарын ұйымдастыру.
Жалпы музей 6 ғылыми-экспозициялық көрме залдарынан тұрады.
Музей қоры – 6973. Оның ішінде негізгі қоры- 4514. Қосымша қоры- 2459 экспонатты құрайды. Электронды және цифрлық форматқа еңгізілген жәдігерлер саны– 595.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі