Шалқар: Әйел жамағаты арасында алғаш рет «Үздік ана – 2023» шарасы өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай, психолог маманы Құралай Құрбанова, Жанаман ахун Сейтімұлы мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен аналар арасында сайыс өтті.
Қатысушыларға сәттілік тілеп басталған кеш 5 кезеңнен тұрды.
1. Мен қазақтың қызымын (өзін-өзі таныстыру)
2. «Халық сүйген - салтын сүйер» (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар)
3. Өнерліге өріс кең (өз өнері)
4. Ас – адамның арқауы (ас мәзірі)
5. Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі)
Жарыс нәтижесі бойынша «Үздік ана - 2023» номинациясымен бас жүлдені иеленген - Әсел Жақсылықова атанды. 1 орынды - Өмірхан Жанерке, 2 орынды - Тұрсын Әсел, 3 орынды - Жұмағалиев Нұргүл иеленді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі