Мәртөк: Аудандық жастар боулинг ойынында басқосты
Мәртөк аудандық мешітінің жастары боулинг ойнап, достық қарым-қатынасты нығайтты
Мәртөк аудандық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында боулинг ойыны өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасындағы бірлікті арттырып, пайдалы әрі қызықты демалыс ұйымдастыру болды.
Шара барысында жастар бір-бірімен жақын танысып, сергек көңіл күймен уақыт өткізді. Достық пен татулыққа негізделген бұл кездесу мешіт жанындағы жастар ісінің белсенді дамып келе жатқанын көрсетті.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұруды жоспарлап отыр.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі