Хромтау: «Сыбаға» ет дүкені ҚМДБ халал сертификатына ие болды
Хромтау қаласында орналасқан «Сыбаға» ет дүкені ҚМДБ «Халал Даму» стандарттарына сәйкес халал сертификатқа ие болды.
Сертификаттау алдындағы аудиттік тексерісті жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Тексеру барысында сақтау, тасымалдау және қызмет көрсету үдерістері түгел қамтылып, тексерілді.
Дүкеннің халал стандарттарға толық сай екені анықталып, оң шешім қабылданды.
Жұмаға жиналған жамағатқа Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы «Сыбаға» дүкеніне ресми халал сертификатын табыстады.
Мекенжайы: Хромтау қаласы, Есет батыр көшесі, 3
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі