Облыстың Бас имамы күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында Әлия ауылындағы «Рахман» мешітің күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйін бақылады.
Сонымен қатар облыстың Бас имамы онда жүріп жатқан құрылыспен жіті танысып шықты.
Айта кетсек, «Рахман» мешіті батыр қыз Әлия Молдағұлованың туған жері – Әлия ауылында салынған. Архитектуралық сәулеті қазақ даласында орта ғасырларда болған мешіттерге тән. Биіктігі 14 метр болатын сәулетті мешітте бір мезетте 100 адам намаз оқи алады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі