Әйелдерге «Қызға қырық үйден тыйым» атты семинар өткізілді
Ақтөбе қалалық орталық мешіті әйелдер орталығында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында әйелдер жамағатына семинар өтті.
Шараның басты мақсаты-шариғатымыздағы әдеп пен тыйымдарды әрбір жеткіншек қыз баланың бойына сіңіріп, отбасының ұйытқысы, ұяңдықтың символы болуды түсіндіру.
Семинарға Ихсан орталығының ұстазы Роза Бақытқызы және ихсан орталығының психологы Эльмира Қайырғалиқызы қатысып, аталған тақырыпты кеңірек ашып берді.
Одан өзге семинарды ұйымдастырушы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Зейнеп Мұсақызы дініміздегі әйел адамның мәртебесі мен қоғамдағы рөлі туралы айта өтті.
Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға кеш қонақтары жауап беріп, аналарымызға қыз тәрбиесінің маңызын үнемі назардан қалдырмау қажеттігін еске салды.
Айта кетейік, семинарға 40-жуық әйелдер қатысты
Ақтөбе қалалық орталық мешіті