Облыстың Бас имамы жаңа мешіттің құрылысымен танысты
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында Жарық ауылында жаңадан мешіт бой көтеріп жатқан мешіттің жұмысымен танысты.
«Кімде-кім Алла үшін мешіт салса, Алла Тағала оған тура сондай етіп, жәннатта бір үй тұрғызады», – (имам Бұхари, Муслим) деп Амантай Әбділдаұлы мешіт бірлік пен ынтымақ мекені, имандылық ордасы екендігін атап өтті.
Облыстың бас имамы мешіт құрылысына қолдау білдірген жамағат пен демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі