Облыстың Бас имамы болашақ қарилармен жүздесті
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінде (қарилар орталығы) Құран жаттап жатқан шәкірттермен кездесті. Кездесу барысында орталықтың директоры Бекжан қари Әлденовпен сұхбаттасып, шәкірттердің және бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қарилар орталығының хәл-ахуалымен танысты.
Сонымен қатар жас қариларға Құран жаттаудың сауабы, Құран жаттаған қаридың дәрежесі туралы насихат айтты. Ал шәкірттер бүгінгі дейін оқыған білімдері аясында Бас имам тарапынан оң бағасын алып, Бас имамның батасын алды. Еске салсақ, ҚМДБ ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен байқауларда Ақтөбе өкілдігінен қатысып, орын алған осы аталған қарилар орталығының шәкірттері де бар. Алдағы Рамазанда алғыр шәкірттер онлайн хатым мен тарауық намазына дайындық үстінде.
Одан өзге «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығының) сыртқы жұмыстарына да шолу жасалды. Кездесу қортындысында Амантай Садиев жас қарилардың ілімде зейіндерін ашылуын тілеп, болашақта Ақтөбе өз ішінен қариларды көптеп шығарады деген сенімін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі