«Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 755-ші пәтер табысталды
Жұма күні Шалқар ауданында «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кезекті пәтердің кілті табысталды. Бұл республика бойынша табыс етілген 755 -ші пәтер.
Аудандық кәсіпкердің қолдауымен жиналған қаржыға сатып алынған пәтер Кабулов Нурлан есімді тұрғынға бұйырды.
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков күндердің сұлтаны жұмада мешітке жиналған жамағатқа «Ынтымақ пен бірлік» тақырыбында жұма уағызын айтып, пәтер кілтін жас отбасы, Шалқар ауданының тұрғыны Кабулов Нурлан Жылқыбайұлына табыстады.
Сондай-ақ, «Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан ағайынға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков.
Өз кезегінде пәтерге ие болған Нурлан Жылқыбайұлы «Ел үлесі пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, акцияға үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдірді.
Содан кейін жамағатпен жұма намазы оқылып, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.