Имамдар өзара діни білімдерін арттыруды жүйелі жолға қойды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен жұмыстан тыс уақытта, демалыс күні еркін форматта Ақтөбе қаласы мешіттері имам-ұстаздарының діни білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында қосымша дәрістер қолға алынды.
Атап айтқанда, Шам өлкесінің атақты ғұлама-ғалымы Махмуд Таһһанның «Хадис терминологиясы» кітабы бойынша дәріс жүргізіліп, кітапты толық игеріп оқып шығу шығу қолға алынбақ.
Дәріс әл-Азһар Ислам университетінің түлектері, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлының жетекшілігімен әр жексенбі сайын құптан намазынан кейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өтетін болады.
Алла тағала имам-ұстаздарымыздың ілімдеріне береке бергей!