Наиб имам жазасын өтеушілерге дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндірді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисенов Ақтөбе қаласында орналасқан КА-168/3 мекемесіне барып, жазасын өтеушілермен жалпы кездесу өткізді. «Дәстүрлі исламның құндылықтары» тақырыбында сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді. Дін мен дәстүр егіз ұғым екенін айтып, дін ұстануда жергілікті салтты негізге алудың маңыздылығына тоқталды.