Ақтөбе: Ұлттық нақыштағы мұсылманша сән байқауы өз мәресіне жетті 245

Ақтөбе: Ұлттық нақыштағы мұсылманша сән байқауы өз мәресіне жетті

24 қазан 2020 628 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен «Руханият» музейінде «Мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісі» атты сән байқауы өтті.

Сән байқауының ашылу салтанатын найб имам Нұрбол Смағұлов құран оқумен ашып, дизайнерлер мен тігіншілерге сәттілік тіледі.

Шараға ұлттық киімдерді насихаттап жүрген қолы шебер тігінші ақтөбелік қыз-келіншектер қатысып, өз туындыларын ұсынды.

Байқаудың басты мақсаты – қоғамның сұранысына сай, күнделікті тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы да талғамды киіне отырып, қоғамдық ортада ұлттық рухымызды көтеру. Сондай-ақ, этно бағыттағы тігінші қыз-келіншектердің ісіне серпін беру.

Сән алаңында дәстүрге сай, шариғат талаптары негізінде тігілген спорттық киім, камзол мен кимешек түрлері және қыз ұзату мен үйлену тойларына арналған көйлектер ұсынылды. Кеш соңында шараға қатысқан шеберлер «Ең жас дизайнер», «Ең үздік тігінші», «Дәстүрді дәріптеуші дизайнер», «Ең шебер ару» номинациялар бойынша марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Шараға Ақтөбе қалалық Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық және Ақтөбе облыстық кәсіпкер әйелдер ассосациясы қолдау көрсетті. Сондай-ақ, ардагер ұстаз, ұлттық киімнің насихатшысы, марқұм Сыдықова Ақзипа апаның балалары демеушілік көрсетуімен өткен қоғамдық маңызы бар іс-шара өз миссиясын орындады. Аталған ұйымдардың басшыларына алғыс білдіре отырып, Сыдықовтар әулетіне және басқа да атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла Тағала баршамызды әрдайым жақсы істерде бастамашы еткей!


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз қызметі