«Нұр Ғасыр» мешітінде «ашық есік» күні өтті 237

«Нұр Ғасыр» мешітінде «ашық есік» күні өтті

22 қазан 2020 182 Оқу 1 минут

«Рухани келісім» күніне орай «Нұр Ғасыр» мешіті діни бірлестік өкілдеріне арналған «ашық есік» күнін өткізді.

Алланың үйіне жиналған әртүрлі діни конфессия азаматтарына мешітті экскурсия жасатып, келген қонақтарға қазақ дәстүріне сай дастархан жайып, дәм ұсынылды. Сондай-ақ, сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасу өтті. Шара барысында «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисенов ҚМДБ-ның Наиб мүфтиі Оңғаров Ершат Ағыбайұлының тұңғыш қазақ тіліндегі қасиетті «Құран Кәрім» тәпсірі кітабын таныстырды. Басқосудың халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз ықпалын тигізетіндігін жеткізді.

Айта кетейік, бұдан өзге діни бірлестіктер арасында спорттық шарадан жарыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - жамағатқа дінаралық, конфессияаралық ынтымақтастың үлгісін көрсету болып табылады.

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар. Алла елімізді бірлік пен берекеден айырмасын.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі