16 Рабиғ әс-сәни
Хромтау жамағаты «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берді 4671

Хромтау жамағаты «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берді

09 шілде 2025 82 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының бас имамы Садиев Амантайтың бекіткен жылдық жоспарына сай «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттеріне Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің жамағаты ауызашар дастарханын жайды. 

Сауабы мол игі басқосуда Ақтөбе облысы орталық “Нұр-Ғасыр” мешітінің наиб имамы Әбішев Мажит діни білім алудың маңыздылығы, ұстазға және ата-анаға құрмет көрсету тақырыбында насихат айтты.

Сонымен қатар ауызашар дастарханының басында облыс бойынша «Оқу-ағарту» бөлімінің жауапты маманы, облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұстазы Досбол Аймырза «Мүміннің сипаты», «Қайырлы үммет» туралы баяндап берді.

Ал Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы ауызашар жасап жатқан жандарға Мұхаррам айында жасап жатқан барша амалдарының сауабы еселенуін тілеп, алғысын білдірді. Шәкірттерді тәрбиелеп жатқан ұстаздарға жүрек жарды тілегін айтты.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі