ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сертификатына ие болған мекеме қызметкерлеріне ауызашар берілді
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламовтың ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінінің асханасында өңірдегі ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сертификатына ие болған мекеме қызметкерлеріне ауызашар берілді.
Игі басқосуда облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Рамазан айымен құттықтап, халал астың адам өміріндегі маңыздылығы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар жауапты өкіл Жарасхан Әбдісаламов халал тақырыбында уағыз-насихат айтып, «Халал Дамумен» бірге қоян қолтық жұмыс жасағандарына ризашылығын білдірді. Одан өзге әрдайым бірігіп жұмыс жасауға сенім білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі