Қадір кешінің құрметіне орай әйел жамағаты басқосты
Ақтөбе қаласындағы «Досжан Хазірет» және «Әс-Сәлам» мешітінің әйел жамағаты Қадір түнінің құрметіне орай басқосты.
Игі шарада Досжан Хазірет мешітінің ұстазы Ақжарқын Жилисбаева қасиетті Қадір түні туралы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар жамағат арасында викториналық ойындар ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі