Болашақ қариларға «Рамазан сыйы» тарту етілді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева мен «Сауап» қайырымдылық қоры және «Шырақ» клубының ұйымдастыруымен ауызашар өтті.
Сауабы мол игі шарада Ақтөбе қаласында орналасқан «Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесінің
40 қа жуық болашақ қари шәкіртеріне «Рамазан сыйы» акциясы аясында тәттілер салынған сыйлықтар таратылып, ауызашар дастарханы жайылды.
Шара қортындысында мекеменің директоры Сұңғат Саметов сөз сөйлеп, сауабы мол іске мұрындық болған барша ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі