Ақтөбе: Қалалық орталық мешітте сенбілік ұйымдастырылды 3601

Ақтөбе: Қалалық орталық мешітте сенбілік ұйымдастырылды

09 қыркүйек 2024 180 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде сенбілік өтті. 

Шара барысында мешіттің ауласы артық шөптерден тазартылып, ағаштарға арнайы күтім жасалды.«Ауласы тазаның ауасы таза, көшесі тазаның көңілі таза» демекші руханият үйінің тазалығы барша жамағатқа дем беріп, құлшылық-ғибадатына әсер қалдыратыны сөзсіз. Сондықтан дініміздің өзі жеке бас тазалығынан, қоғам тазалығына дейін мән беретінін білгеніміз жөн.

Аталған игі іске мешіттің бас имамы бастап, барлық ұжымы атсалысты.Сондай-ақ, жамағаттың атқарған қол көмегін ерекше атап өтіп, барша азаматтарға Алла разы болып, мол сауаптан жазсын дейміз!

Аталған сенбілікте мешіттің ауласы артық шөптерден тазартылып, ағаштарға арнайы күтім жасалды.

«Ауласы тазаның ауасы таза, көшесі тазаның көңілі таза» демекші, руханият үйінің тазалығы барша жамағатқа дем беріп, құлшылық-ғибадатына әсер қалдыратыны сөзсіз. Сондықтан, дініміздің өзі жеке бас тазалығынан, қоғам тазалығына дейін мән беретінін білгеніміз жөн.

Сауабы мол игі іске мешіттің бас имамы бастап, барлық ұжымы атсалысты.

Сенбілікте жамағаттың атқарған қол көмегін ерекше атап өтіп, барша азаматтарға Алла разы болып, мол сауаптан жазсын дейміз!


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі