Мәртөк ауданына Бас имам тағайындалды 362

Мәртөк ауданына Бас имам тағайындалды

09 қараша 2020 307 Оқу 1 минут

Өткен аптада Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа Бас имам тағайындалды. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа Бас имам Зарлық Ералинді жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Ол биыл Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «исламтану» мамандығын бойынша бакалаврын тәмәмдаған.

Бұған дейін 7 жыл қатарынан Бас имам қызметін абыроймен атқарған Берік Мұқановқа облыстың Бас имамы Төлеби қажы Оспанның және аудан әкімі Ермек Кенжеханұлының атынан алғыс хат табысталды. Аудан ақсақалдары имамның иығына шапан жауып, қаржылай сыйлық табыстап құрметпен шығарып салды.

Облыстан барған наиб имам Алмат Әли өз кезегінде аудандық мешіттің қысқы мезгілге дайындығын тексеріп, жаңа имамға әдістемелік бағытта жөн көрсетті. Артынша жергілікті аз қамтылған көпбалалы 10 отбасыға «Көшпелі керуен» акциясы аясында 200 келі азық-түлікпен қайырымдылық көмек жасалды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі