Ақтөбе: Қасапшыларға  арналған семинар өтті 1110

Ақтөбе: Қасапшыларға арналған семинар өтті

19 қараша 2021 192 Оқу 1 минут

Қасапшылардың діни сауатын жетілдіру мақсатында «Халал Дамудың» Ақтөбе бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр»  мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында қасапшыларға арналған семинар өтті.

Семинарға Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Жарасхан Әбдісаламов және жергілікті қасапшылар қатысты.

«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Мал сою ісіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет», - деді облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы.

Дәріс шариғат талабына сай мал сою ережелері, халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелері төңірегінде өрбіді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі