Облыстық мешіттің наиб имамы сұхбат берді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды.
«Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында «Қайырымдылық –адамгершілік белгісі» тақырыбында сұхбат берді.
Тікелей эфир барысында наиб имам қайырымдылықтың адам өміріндегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар бүгінге дейін Ақтөбе өкілдігінде атқарылған қайырымдылық жұмыстарын атап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі