АҚТӨБЕ: Халал сертификаты табысталды
Аллаға шүкір, күн өткен сайын елімізде халал өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Сүзбе» дәмханасы және «Ризық» ас жеткізу қызметіне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің сертификаты табысталды.
Қасиетті жұма күні өткен салтанатты шараға Бас имам Төлеби қажы Оспан арнайы қатысып, халыққа халал өнім ұсынуға талпынған кәсіпкерге алғыс білдірді. «Астың адал болуы адам денсаулығына пайда берумен қатар кісінің Аллаға жасаған тілек-дұғасының қабыл болуына да жол ашпақ. Сіздер табыс табумен бірге елге адал ас ұсынып, сауапқа кенелесіздер. Алла жар болсын. Табысты болуларыңызға тілектеспіз», - деді Бас имам Төлеби Дәділұлы.
«Халал Даму» ЖШС-нің Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов алдағы уақытта бұл дәмхананың халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады. Дәмхана Ақтөбе қаласындағы Әліби Жангалдин көшесі, 139 мекен-жайында орналасқан. Адал астан дәм татамын деуші Ақтөбе тұрғындары мен қонақтарын «Сүзбе» дәмханасына шақырамыз.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
Баспасөз қызметі