«ҚМДБ ХАЛАЛМЕН» ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТҚАН КӘСІПОРЫНДАР 71

«ҚМДБ ХАЛАЛМЕН» ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТҚАН КӘСІПОРЫНДАР

07 қыркүйек 2020 382 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нан жыл басынан бері 114 кәсіпорын сертификаттаудан өтті. Алайда түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатқан мекемелер мен ескерту алған кәсіпорындар бар.

Халал стандарт талаптарына сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін барлық кәсіпорындарға қойылатын талап та, бақылау да бірдей. Ереже де, оның қадағалануы да қатаң.

Сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты, жаңарту жұмыстарын жүргізбеген «Абдуллаев» шұжық цехына берілген «ҚМДБ халал» сертификатының өз күшін жойғандығын хабарлаймыз.

«Яккасарай», «Дива», «Хаят», «Мақсат» сауда белгілерімен шығарылатын «Абдуллаев» шұжық цехының өнімдеріне «ҚМДБ халал» логотипін қолданбау талап етілді.

Алдағы уақытта, «Абдуллаев» шұжық өнімдерінің халалдығына «Халал Даму» жауап бермейтіндігін ескертеміз!

Сонымен қатар, «Халал Даму» мамандарының Жамбыл облысында жүргізілген кезекті аудит жұмысы барысында «Қасымов», «Тансықбаев» шұжық өндіруші кәсіпорындарда «халал стандарт» талаптарын бұзушылық жағдайлары тіркеліп, қатаң ескерту жасалынды.

Ескерту орындалмаған жағдайда, «Қасымов» және «Тансықбаев» кәсіпорындарына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты қайтарылып алынады.