Құрылысымен танысты
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Оңтүстік Батыс ықшам ауданында бой көтеріп жатқан композициялы 250 баланы қамтитын «5 парыз» ислам орталығының (жаңа оқу корпусының) құрылысымен танысты.
Нысан алаңындағы кездесуге «Ақтөбе» медресе-коллежджінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы, құрылыс жұмыс тобының басшысы Нұржан Бесейдаров қатысты.
Өз кезегінде облыстың Бас имамы бүгінгі дейінгі атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жаңа оқу корпусының құрылысына қатысты өз ойымен бөлісті. Жұмыс тобында 7 техника жұмылдырып, 20 адам жұмыс істеуде.
Еске салсақ, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресе-колледжі толығымен қыздар медресіне арналып, ал ер балалар Оңтүстік Батыс ықшам ауданында бой көтеріп жатқан композициялы «Ақтөбе» медресе-колледжіне (жаңа оқу корпусына) ауысады.
Күн тәртібіндегі кестеге сәйкес, медресе-колледждің жаңа корпусы 2023 жылдың күз айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан кейін «Бес парыз» Батыс Қазақстандағы ислам академиясының құрылысын жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі