ЖАСТАРДЫҢ ОНЛАЙН ФОРУМЫ ӨТЕДІ
ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 10 қыркүйек күні сағат 11.00-де ZOOM платформасы арқылы «Жастар. Жаңа дәуір. Жасампаздық» атты онлайн форум өтеді.
Форумға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров, Атырау мұнай және газ университетінің проректоры Олжас Сүлейменов, ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Сырым Шәкизада, сондай-ақ елге белгілі жастар өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен студенттер қатысады. Форум барысы Діни басқарманың YouTube каналынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Форумның мақсаты – сапалы білім алып, өзін өзі қалыптастыруға ұмтылатын, рухани жетілген, елдің, ұлттың қамын ойлайтын жастар буынын қалыптастыру. Себебі жастарды түрлі жат идеологиялардың арбауынан сақтандыру, рухани құндылықтарымызды қастерлеуге үндеу, олардың заманға сай білім алып, өз-өзін жетілдіруге құлшынысын арттыру – бізге міндет.