«Көшпелі уағыз-насихат» Хромтау ауданында басталды
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы қолға алынып, Хромтау ауданында басталды.
«Көшпелі уағыз-насихат» құрамында облыстық, қалалық, аудандық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, РАНТ мүшесі бар.
Іс-сапар Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың қабылдауынан басталды. Әкіммен кездесу барысында жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, 2 күндік іс-сапардың жоспарымен танысып, өңірдегі жат ағыммен күресу жолдарын талдады. Хромтау қаласы мен ауданда, Ақжар, Дөң, Бөгетсай ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатымен, әкімшілік, теміржолшы, дәрігер, оқушы, студент, т.б қызметкерлер және әйел жамағатымен жеке және жалпы кездесулер ұйымдастырылды.
Имамдар қала, аудан, ауылдық мешіттерде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз-насихат айтты. Жамағаттың дін аясында қойылған сұрақтарына имамдар тұшымды жауап берді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі