Дін жанашыры 15 отбасыға  310 000 теңге  көлемінде зекет үлестірді 1586

Дін жанашыры 15 отбасыға 310 000 теңге көлемінде зекет үлестірді

26 сәуір 2022 146 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен 310 000 теңге көлеміндегі зекет қаражатын 15 отбасыға табысталды. 

«Есімін атамауды өтінген бауырымыз мешітке 310 мың теңге көлемінде зекетін беріп кетті. Біз оны көпбалалы және аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларды тізімдеп, аталған қаржыны 15 отбасыға үлестіріп отырмыз» , -дейді облыстың Бас имамы.

Сонымен қатар Бас имам зекеттің адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, Рамазанда берілген садақаның сауабы еселеп артады дей келе, жағдайы бар адамдардың ораза кезінде зекет беруге асыққаны абзал екендігін баяндап өтті. Одан өзге зекет берген азаматтарға ризашылығын білдіріп, дұға етті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі