Ақтөбеде 60 шәкірт Құранға түсті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті және қалалық «Бақытжан» және «Қабақ баба» мешіттерінің жанындағы әйелдер сауат ашу курсының шәкірттері ерекше ықыласпен Рамазан айына қадам басуда.
Құран әліппесін тәмәмдап, Алланың Кәләмін жүзінен оқу дәрежесіне жеткен шәкірттерді құттықтау мақсатында «Құран – асыл тәжім» атты марапаттау рәсімі өтті.
Ұстаздар құттықтау сөздері мен уағыз-насихат айтып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан Құран Кәрім және сауат ашу курсының алғашқы деңгейін тамамдағаны туралы сертификат табысталды.
Сондай-ақ ауызашар дастарханы жайылып, әжелер бата берді.