Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды (Фото) 2050

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде әйелдер дәрісханасы ашылды (Фото)

07 қыркүйек 2022 364 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жаңа оқу жылының басталуына орай әйелдердің заманауи дәрісханасы ашылып, оған облыстың Бас имамы, ұстаздар мен әйел жамағаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы лентасын қиып, әйел жамағатын оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Білім алу – әрбір мұсылманға парыз. Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырады.

«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» («Алақ» сүресі,1-5 аяттар) –деп Облыстың Бас имамы білім алудың маңыздылығына тоқталып, шәкірттерге ілім жолында зейіндері ашылуын тіледі. Игі бастамаға мұрындық болған жандарға ризашылығын білдірді.

Ресми салтанатты шара ақ дастархан басында жалғасын тауып, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Ардақ Бағдалқызы, Айнұр Мырзабаева, Гүлмайра Тұрлыбекова және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова білім аясында уағыз айтты.

Айта кетсек, игі бастама ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Аталған жаңа дәрісхана заманауи бағытта интерактивті тақтамен жабдықталды. Құрылғының алуынуына дінге жанашыр жомарт жандар мен ұстаздар және әйел жамағаты үлес қосты. Одан өзге Бас имамның атынан игі бастамада қолдау білдірген бір топ шәкірттерге алғыс хат табысталды.

Дәрісханада күнделікті дәрістерден өзге салт-дәстүр аясында сабақтар және қыз-келіншектерге қажетті тігін, аспаздық курстарда оқытылады.

Сонымен қатар шара аясында қайырымдылық жәрмеңкеде өтті.

Шара қортындысында әйел жамағаты көптен күткен қуанышқа куә болып отырғандарына алғыстарын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі