«Бақытжан» мешіті: «Әлемдегі ең кемел ұстаз – Мұхаммед» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласындағы «Думан» мейрамханасында «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағатына Мәуліт кеші өтіп, 132 әйел және қалалық 20-ға жуық дін ұстаздары қатысты.
Рухани кеш адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған сәлем мен салвуаты болсын) мәулітіне арналды. Мақсаты: Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны мен көркем мінезін насихаттау, өскелең ұрпақ пен жалпы жұртшылыққа берекелі ғұмырын, құлшылығы мен тіршілігін дәріптеу, қадір-қасиеттерін таныту.
Игі шараны «Бақытжан» мешітінің Бас имамы Ержан Мизамов пен аталған мешіттің ұстазы Анар Қойшығұлова ашты.
Мәуліт кешінде Пайғамбарымызға арналған махаббат пен сағынышқа толы өлеңдер мен діни әуендер, ой саларлық көріністер, сиярдан сұрақ- жауаптар, әсерлі әңгімелер айтылды. Сонымен қатар пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірбаяны сүйген тағамдарынан көрме ұйымдастырылды. Ал «Бақытжан мешітінің» шәкірттеріне мерейлі мерекеде ұстаздардың ақ тілектерімен тәж кию бақыты бұйырды.
Одан өзге «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласынан қари- ұстаз Бақтыгүл Өтегенқызы келіп, жиналған жамағатқа насихат айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі