«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы өтті 1505

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы өтті

08 сәуір 2022 130 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли мен облыстық әлеуметтік еңбекпен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы өтті. 

Аталған іс-шара барысында аз қамтылған және көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі санаттағы т.б 24 отбасыға 240 мың теңгегені құрайтын сертификат табысталды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар сертификат арқылы «Анвар» супермаркетінен азық-түліктерді алып, отбасыларына жеткізіп берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі