Алғыс айту күні ерекше жандарға сыйлық жасалды 3248

Алғыс айту күні ерекше жандарға сыйлық жасалды

03 наурыз 2024 688 Оқу 1 минут

"Бақытжан" мешіті шәкірттері 1-наурыз Алғыс айту күнінде Зағиптар мен Көзі нашар көретін жандарды мерекемен құттықтап 25 зағип жанға 25 тәтті бәліш тарту етті.

"Бақытжан" мешіті шәкірттері Ақтөбе қаласындағы зағип жандарға арналған Арнаулы кітапханаға барып, ерекше жандарға арналған мерекелік шараның куәсі болды.

Мешіт шәкірті, тәтті бәліштерден кәсібі бар Гауһар Серікқызы жамағаттың қаржылай көмегімен 25 "Тәтті қыз" тортын пісіріп қайырымды іс жасады.

Мерекелік кеште мектеп және колледж студенттері әуезді ән мен жүрекжарды өлеңдерін тарту етті.

Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова мен мешіт қариясы, ақ жаулықты әже Жария Жахина "Алғыс айту" күніне ақ тілектерін төкті.

Тәтті бәліштер сыйлап қуантқан мешіт шәкірттері зағип жандардың ыстық ықыластары мен ризашылықтарына бөленіп қайтты.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі