Футболдан Шалқар қаласының біріншілігі қортындыланды 3153

Футболдан Шалқар қаласының біріншілігі қортындыланды

22 желтоқсан 2023 2955 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қыркүйекқазан айларында өткен шағын футболдан мешіт жамағаты арасындағы Шалқар қаласының біріншілігі қортындыланды.

Шалқар аудандық «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінде өткен екі айға созылған додада мешіт жамағаты арасынан 8 команда бақ сынады. Жалпы саны 108 адам болды. Ойындар екі айналымнан өтті. Әр команда 14 ойын ойнады.

Ізгі қоғам құрудағы ислам дінін насихаттай отырып, бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтына үлес қосу, жамағаттың ауызбіршілігін арттыруға арналған турнир қорытындысы бойынша I орынды «Бірлік», ІІ орынды «Азамат, ІІІ орынды «ЖАС» командасы иеленді.

Сонымен қатар жекелеген үздік ойыншылардан 29 рет доп соққан «Аңсар» командасының ойыншысы Нұрперзент Қожанов «Үздік мерген» номинациясымен және Шойғарин Нұржан «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаз атанған командаларға және ойыншыларға арнайы диплом мен сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі