Хромтауда РАНТ мүшесі түсіндіру жұмыстарын жүргізді 3823

Хромтауда РАНТ мүшесі түсіндіру жұмыстарын жүргізді

16 қазан 2024 251 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облысына РАНТ мүшесі шақыртылып, насихат жұмыстары жүргізілді.

Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтановтың ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі, «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Аманов Ақтөбе облыына сапарында бірқатар іс-шараларға қатысып, уағыз-насихат және түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мешіт - Алланың жердегі үйі болса, мешіт көркі жамағат екені аян. Бүгінгі күні мешіт имамының ұйымдастырушылығының нәтижесінде мешіт жамағаттарының ауызбіршілігі артып келеді.

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ай сайын «Бірлігі жарасқан жамағат» айдарымен шаралар ұйымдастыру қолға алынған. Бұл шаралар бірлік бар жерде – тірлік бар екендігінің және бір дәлелі болса керек.

Алла тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», деп бауырмал болуға бұйырғандығы да белгілі. Ұйымдастырылған кезекті отырысқа жамағат белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.

Арнайы жайылған дастархан басында, РАНТ мүшесі Талғат Мұратұлы «Шайтанның азғыру жолдары» тақырыбында қатысушы жамағатқа әсерлі уағызын жеткізді.

Шара аясында қатысушыларға қасиетті үш айдың қадір-қасиеті айтылып, арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.

Шара соңында елдің тыныштығы, Ислам дінінің өркендеуі үшін дұға жасалып, қатысушылар ризашылықпен тарасты.