Қарттарды мерекемен құттықтады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай және «Әйел-қыздар» секторы мен ерікті жастар ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды Халықаралық қарттар күнінде зиярат етті.
Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланы ұлықтаудың бір түрі – шашы ағарған мұсылманға құрмет көрсету» (Әбу Дәуіт), «Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына жеткенде Алла Тағала оған жастарды құрмет еткізеді» деген даналық сөздерін негізге алған шара болды.
Наиб имам өмірлік тәжірбиелері мен ақыл кеңестері жас буындар үшін орны бөлек екенін айтып, қарттарды мерекемен құттықтады.
Ал мешіт ұстаздары өңіріміздің өсіп өркендеуіне үлкендердің қосқан үлестері ұшан теңіз екенін атап өтіп, Алла тағаладан қарттарға зор денсаулық, күш қуат, екі дүние абыройы мен салиқалы, ізгі ұрпақ тіледі.
Одан өзге асыл қарияларымыз ыстық ықыластарын білдіріп, ақ батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі