Шалқар ауданында мешіт ұжымы мүмкіндігі шектеулі балаларға сый жасады.
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында біршама қайырымдылық шараларын күшейтіп, әр топтағы әлсіз жандарға қол ұшын созып, қажетіне орай, жақсылық жасауға тырысып келеді.
Қайырымдылық пен имандылықтың егіз ұғым екенін ұғынған мешіт қызметкерлері қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәттілер мен жеміс – жидектер тарту етті. Аталмыш шараға мешіт қызметкерлері атсалысып, балаларға қуаныш сыйлады.
Қайырымдылық шарасында балалардың ата-аналары ақ тілектерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.