«Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының білімін арттыруға арналған семинар басталды 3362

«Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының білімін арттыруға арналған семинар басталды

29 сәуір 2024 1561 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған 1 апталық семинар басталды. Аталған семинарды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, ҚМДБ-ның 2024 жылғы жоспарына сай ұйымдастырылып отырғанын айтты. Сонымен қатар дін мамандарының біліктілігін арттыруға арналған оқу семинарының маңыздылығына тоқталды. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов қала имамдары мен ұстаздарына семинардың 1-ші күнінде ең маңызды тәжуид қағидаларына ерекше тоқталып, Құран оқуларын тексерді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі