21 Сафар
Сенбілік уағыз өтті 4614

Сенбілік уағыз өтті

23 маусым 2025 33 Оқу 1 минут

Жамағаттың діни сауатын көтеріп, білім деңгейлерін арттыру, дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттау мақсатында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында әр сенбі сайын сенбілік уағыз өтіп келеді.

Аталған басқосуда мешіт ұстаздары Гүлжайнар Мұсақызы, Айзат Қобланқызы түрлі тақырыптар аясында жамағаттың сұранысына сай уағыз-насихаттар айтып, сауалдарына жауап берді.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Білім алу — әрбір ер мен әйелге парыз» деп үнемі ізденісте, әрдайым іліммен сусындаудың маңыздылғын атап өткен. Демек, аталған хадиске амал ету әрбір мүмін баласына міндет. Осыған орай, қазіргі таңда мешіттерімізде әр апта сайын дәрістер тегін жүргізіліп, жамағаттың білімге оңай қол жеткізуіне мүмкіндіктер жасалған.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі