«Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 449-шы үй берілді 793

«Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 449-шы үй берілді

01 қыркүйек 2021 202 Оқу 1 минут

«Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында республика бойынша 449, ал Ақтөбе облысы бойынша 15-ші пәтердің сертификатын РАНТ және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі, Шілікті ауылындағы «Нұрпейіс ишан» мешітінің имамы Кабетов Жайыққа табыс етті.

Шара барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ауылға келген жас маман Кабетов Жайықты баспаналы болуымен құттықтады.

Төрт бөлмелі пәтер толығымен жөндеу өткен, аумағы 94 шаршы метрді құрайды.

Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі, Шілікті ауылы, Толағай көшесі, 16 үй.

Еске салсақ. ҚМДБ «Зекет» қоры мен Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» акциясы жемісті қызмет етуде.

Осы игі бастамаға атсалысқан барша азаматтарға Алла жар болып, кәсіптеріне береке берсін деп тілейміз!

 Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі